08:34, 01 Наурыз 2010 | GMT +5
Иранда Мұхаммед пайғамбар туралы фильм түсірілмек
АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - Халықаралық кинофестивальдерде наградаларға ие болған бірнеше фильмнің авторы, ирандық режиссер Мажид Мажиди Мұхаммед пайғамбар туралы фильм түсіріп жатыр,
деп хабарлайды Utro.ru сайты.
Иран мемлекеті режиссерге 30 миллион доллар бөліп отыр. Фильмнің сценарийін соңғы үш жыл бойы ирандық сценарист Камбоиза Патрауи жазған.
Ал Мажиди әзірге фильм түсірілетін жерлерді таңдап жатыр. «Культтік режиссер» деп саналатын Мажидидің жаңа туындысы қызықты болғалы тұр, тек ол осынау жауапкершілігі аса ауыр міндетті орындау кезінде Пайғамбардың көрінісіне қатысты бірнеше қатаң ислам нормаларын сақтауы керек.