Иранда мұнай мен газдың мол кен орны ашылды

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - Иран мұнайшылары мұнай мен газдың мол кен орнын ашты. Оның қоры 85 миллиард долларға бағаланғанын мәлімдеді елдің мұнай өнеркәсібі министрі Массуд Мирказеми,

Иранда мұнай мен газдың мол кен орны ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Сумар кен орнының жалпы қоры 475 миллион баррель (68 миллион тонна). Алайда оның тек 70 миллион баррелін ғана өндіруге болады. Осылайша, мұнайдың ағымдағы бағасына сай кен орны қорының бағасы 5 миллиард долларға бағалануы мүмкін.

Ал, Хальган газ кен орнынан - келешекте күн сайын 50 миллион текше метрге дейін газ игерілуі мүмкін. Жалпы алғанда, кен орнының қоры 80 миллиард долларды құрайды.

Иран анықталған мұнай және газ қоры бойынша әлемде екінші орынды иеленеді. Солай болғанымен, Иран мұнай өндіруден - бесінші, газ өндіруден төртінші орында.