Иранда оппозиция мен өкіметтің арасында қақтығыс болды

Келіп түскен мәліметтер бойынша, шеруге шыққандардың қатарында жараланғандар бар, оқиға салдарынан шамамен 50 адам тұтқындалды.
Иранның ірі қалаларының бірі саналатын Исфахандағы қақтығыс, «Әл-Жәзира» телеарнасының хабарлауынша, 1979 жылғы революцияның көсемдерінің бірі болған, Исфаханда туып-өскен 88 жастағы аятолла Хосейн Әли Монтазериді жерлеу рәсімінен кейін өрши бастады. Имам Хомейнидің бұрынғы серіктесі болған аятолла ағымдағы жылдың маусым айында өткен президенттік сайлаудың ресми нәтижесін мойындаудан бас тартқан оппозицияға қолдау көрсеткен болатын.
Реформаторлық қозғалыстың жетекшілері аятолланың жерлеу рәсімін үкіметке қарсы шараларды жандандыру үшін пайдаланып отыр.