Иранда жаңа ұшақтың сынағы сәтті өтті
АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - Иранда радарға көрінбейтін ұшақтың сынағы сәтті өтті. Бұл туралы елдің әскери-әуе күштерінің өкілі мәлім етті,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Өкілдің айтуынша, сынақтан өткізілген ұшақ «Қылыштұмсықты балық» деп аталады. Әскери-әуе күштерінің өкілі сондай-ақ, қосымша зерттеулер жүргізілгеннен кейін, ұшақ өндірісі іске қосылатынын хабарлады.