Ирандағы от фестивалі кезінде 26 адам қаза тапты

ТЕГЕРАН. KAZINFORM – Иранда Чахаршанбе-Сури от фестивалін тойлау кезінде 26 адам қаза тауып, 4360 адам жарақат алған. Бұл туралы «Mehr» агенттігі хабарлады.

Иран
Фото: en.mehrnews.com

Бұл мерекеде ирандықтар оттың үстінен секіру және пиротехникалық заттарды дұрыс пайдаланбау салдарынан күйіп қалады. Өткен жылы бұл мереке кезінде 700-ден астам адам жарақат алып, кем дегенде 17 адам қайтыс болған.

ТАСС агенттігінің жергілікті ақпарат көздеріне сүйене отырып хабарлауынша, Иранның төтенше жағдайлар қызметінің басшысы 1400-ге жуық шұғыл медициналық пункт мерекелерге дайын екенін айтқан. Тек Тегеранның өзінде бір күнде өрт қаупі туралы 1800 қоңырау түсіп, астананың 2 тұрғыны қаза тапқан.

Чахаршанбе-Сури – Ирандағы көне от мерекесі, көктемнің келуі мен табиғаттың қайта жандануын білдіреді.

Чахаршанбе-Сури күнтізбелік жылдың соңғы сәрсенбісіне қараған түні тойланады (Иранда сәрсенбі «чахаршанбех» деп аталады), бірақ мерекенің өзі екі-үш апта бұрын басталады.

Дәстүр бойынша ирандықтар тәтті және қышқыл жаңғақтардың ерекше қоспасын жеп, кешке көшеде от жағып, үстінен секіреді. Қазіргі мерекелік дәстүрлерде пиротехникалық заттарды қолданылады.

Соңғы жаңалықтар