Ирандағы президент сайлауында Хасан Рухани жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирандағы президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы сайлаушылардың 59% дауысын жинап, жеңіске жетті.

Ирандағы президент сайлауында Хасан Рухани жеңіске жетті

Иран ІІМ-інің алдын ала мәліметтері бойынша, Рухани 22 млн 800 мың сайлаушылардың қолдауына ие болған. Ал оның басты қарсыласы - Эбрахим Раиси - 39 %-ға жуық дауыс жинады ( 15 млн 452 мың адам дауыс берген).

Президент сайлауына 40 млн ирандық  қатысып, дауыс берушілер саны 70 % құрайды. Заңнамаға сәйкес, бірінші айналымда 50%-дан  жоғары дауыс жинаған үміткер жеңімпаз атанады.

Хасан Рухани 68 жаста. Ол елдегі либералдық реформаларды қолдап, өзге елдермен байланысты жақсартуға уәде беріп отыр.