18:39, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Ирандағы жарылыс салдарынан ядролық физика маманы мерт болды
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Ирандағы жарылыс салдарынан ядролық физика маманы, Тегран университетінің профессоры Массуд Әли Мохаммади мерт болды. Бомба оның Ирандағы үйінің жанында тұрған мотоцикліне қойылған. Қашықтан басқарылатын құрылғы ғалымның үйінен шыққан сәтінде іске қосылған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
М.А.Мохаммадидің Иран ядролық бағдарламасына қатысының бар-жоғы хабарланбайды. Оқиғаның мән-жайы тергелуде.