02:33, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Ирандық алып жігіт ғаламтор пайдаланушыларын таңғалдырып жатыр - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл - Саяд Гариби. Бір қарағанда-ақ оның алып адам екенін аңғаруға болады. Жасы 24-ке енді толған бұл жігіттің салмағы 162 кг тартады. Жұрт оған «Геркулес/Халк» деген лақап ат берген. Бұл туралы nz1.ru-ға сілтемемен ras.kz жазады.

Саяд айналасындағыларға Геркулес немесе Халк деген атпен танымал. 24 жастағы алып жігіт бұл атақты бекерден-бекер алмаған. Саяд 6 жасынан ауыр атлетикамен айналысыпты. Бірақ кәсіпқой зілтеміршіге айналмаған. Ол өз хоббиін сонда да тастамаған, оны табыс табудың бір көзіне айналдырып алған.