Ирандық инвесторлар Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейтуге ниетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ирандық «Джахар-э-сабз» компаниясының басшысы Сейіт Әли Акбар Хоссейнимен іскерлік кездесті.
Хоссейнидің айтуынша, Қазақстанда жұмыс істеген жылдары инвестиция көлемі 20 млн. долларды құрады. Елдің батысында ирандықтар құс фабрикасын іске қосты, оңтүстік аудандарда көгалдандыру ісі қолға алынды.
Қостанай облысында ирандық компания ауыл шаруашылығы мақсатындағы 100 мың гектар жерді иегруді жоспарлап отыр. Бизнесмендер ол жерде май дақылдарын, сондай-ақ дәстүрлі астық дақылдарын өсірмек.
Қостанай облысының әкімі инвесторларға қолдау көрсетуге әзір екендігін айтты. Ол жергілікті астық өндірушілер жаңа терминалдарға мұқтаж екенін нақтылады. Олар оның көмегімен өз өнімдерін тікелей шетелдік әріптестерге жөнелте алады.
Иран бизнесмендерімен келіссөздер жалғасады, олардың аяқталуы бойынша жергілікті билікпен бірнеше меморандумға қол қою жоспарланған.