22:43, 04 Сәуір 2015 | GMT +5
Иранға қарсы санкцияларды алып тастау мұнай бағасының 20 долларға төмендетуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Егер Иранға қарсы санкциялар алып тасталса, ел мұнайдың онсыз да мол тауар нарығына оралады. Оның тез өтуі екіталай, бірақ мұнай бағалары қайта үлкен қысымға алынады, деп болжайды сарапшылар. Бұл туралы РБК хабарлайды.

Қазіргі үлгідегі эмбарго 2012 жылы қалыптасқан - ЕО ирандық мұнайдың импортына тыйым салса, 1980 жылдардың соңында өздерінің компанияларына Иран мұнайын сатып алуға тыйым салған АҚШ Иран мұнайын үшінші елдердің сатып алуын жабуға бағытталған санкцияларды екінші мәрте енгізген.
Эмбарго белгіленген 2012 жылдың ортасына дейін Ислам Республикасы 21 елге мұнай жеткізген еді. Санкциялар жұмсартылған соң 2013 жылдың қараша айында алты ел - Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия және Тайвань Иран мұнайын сатып алу мүмкіндігіне ие болды.