Иран әуе компаниялары АҚШ санкцияларына байланысты халықаралық бірнеше рейсті тоқтатты
АСТАНА. KAZINFORM — Вашингтон Иранмен жұмыс істейтін шетелдік әуежайлар мен қызмет көрсетуші компанияларға екінші реттік санкциялар салу қаупін төндіріп, елдің авиация саласына қысымды күшейтіп отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
АҚШ-тың жаңа шектеулері күшіне енгеннен кейін Иран әуе компаниялары сәрсенбіде халықаралық рейстердің бір бөлігін тоқтатты. БАҚ мәліметінше, Тегеранның Бағдад және Маскатпен әуе қатынасы үзілді.
Ирак билігі Бағдад әуежайында Иран әуе компанияларының рейстерін қабылдауды тоқтатуды бұйырды. Reuters хабарлауынша, тараптар бұл рейстерді Иран қажылары жиі баратын Эн-Наджаф әуежайына бағыттау мәселесін талқылап жатыр.
Иран Азаматтық авиация ұйымының өкілі Маджид Ахаван Tasnim агенттігіне берген сұхбатында Бағдад пен Маскат әуежайлары Иран ұшақтарын қабылдауды тоқтатқанын растады. Қазір Ирак және Оман билігімен келіссөздер жалғасып жатыр.
AFP агенттігінің хабарлауынша, Ираннан Қатар, Грузия және Әзербайжанға қатынайтын әуе рейстері де уақытша тоқтатылған. Тегерандағы туристік компания өкілі рейс кестесінің тұрақсыздығы мен жаңа рейстердің тоқтатылу қаупіне байланысты билеттер сатылымына уақытша шектеу қойылғанын айтты.
✈️ 🇺🇸 Iranian airlines were forced to cancel some international flights on Wednesday after the US tightened sanctions on Iran's aviation industry in a new effort to cripple its economy ➡️ https://t.co/nsRvCfllW3 https://t.co/gUmubLd20w
— AFP News Agency (@AFP) September 23, 2026
Иранның халықаралық әуе қатынасы әзірге толық тоқтаған жоқ. Сәрсенбі күні Иранның Mahan Air әуе компаниясына тиесілі ұшақ АҚШ шектеулеріне қарамастан, Қытайдың Гуанчжоу қаласына қонды. Бұдан бөлек Шанхай, Ыстанбұл, Ереван, Эн-Наджаф және Дубай бағыттарына рейстер жоспарланған. Қытай билігі АҚШ санкцияларын заңсыз деп санайтынын мәлімдеп, оларды қолдануға қарсылық білдірді.
Chinese Foreign Ministry spokesperson Guo Jiakun affirmed that #Beijing opposes "illegal unilateral sanctions" after US Treasury Secretary Scott Bessent warned that Iranian airlines could be shut down globally and threatened countries providing them with services such as landing facilities or fuel with exclusion from the #US dollar system. Asked specifically about Iranian flights scheduled to land in Guangzhou and Shanghai, Guo said China "consistently opposes illegal unilateral sanctions that have no basis in international law and are not authorized by the UN Security Council." #IranianAirlines #IranianFlights #Iran #China #USSanctions
— Al Mayadeen English (@MayadeenEnglish) September 23, 2026
АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Иран әуе компанияларына қызмет көрсететін шетелдік компаниялар АҚШ-тың қаржы жүйесіне қол жеткізу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін екенін ескерткен.
— Ұшақтар қонған жағдайда жанармай құюға, әуежай қызметтерін ұсынуға және билет сатуға болмайды. Әйтпесе, долларлық қаржы жүйесінен шығарыласыздар, — деді ол.
Иранның авиация саласы көп жылдан бері АҚШ санкцияларының қысымында келеді.
АҚШ басқа мемлекеттердің әуе кеңістігін Иран ұшақтары үшін тікелей жаба алмайды. Алайда Иран ұшақтарына қызмет көрсететін шетелдік әуежайлар мен компанияларға, соның ішінде жанармай жеткізушілерге, әуежай қызметтеріне және билет сату жүйелеріне санкция салу қаупі Иран әуе компанияларының халықаралық рейстерді орындауына айтарлықтай кедергі келтіруі мүмкін.
Бұған дейін Трамптың Иранға қатысты қатаң мәлімдеме жасағанын хабарлаған болатынбыз.