Иранның Қазақстаннан алатын астығы биыл да былтырғы көлемде сақталуы мүмкін - Елші
АСТАНА. KAZINFORM – Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукар Иран Ислам революциясының 46 жылдығына орай БАҚ өкілдерімен кездесіп, екі ел арасындағы байланыстар туралы мәлімет берді.

Кездесу барысында елшіге екі арадағы астық саудасының бүгіні мен келешегі туралы сұрақтар қойылды.
- Иран Қазақстанның импорттайтын астық көлемі бір жылда бірден 40 пайыз артуына ешқандай геосаяси жағдай әсер кеткен жоқ. Бұл екі елдің мемлекет қайраткерлерінің және астық бизнесімен айналысатындардың арасындағы өзара тығыз байланыстың жемісі. Оның алдындағы жылдары Қазақстан экспорттайтын астықтың төмендеуіне баға себеп болған еді. Қазір баға біраз тепе-теңдікке келді.
Ресми Теһран өзіне қажетті азық-түлікті, басқа да маңызды тауарларды ең әуелі көршілес, бауырлас елдерден импорттауды басым бағыт ретінде ұстанады, мұны баса айту керек, - деді Иран елшісі.
Оның сөзінше, Каспидің айдынын бөлісіп жатқан іргелес ел биыл да Қазақстаннан алатын астық көлемін арттыруы мүмкін.
- Қазақстанның Иранға экспорттайтын тауарларының көлемі ішкі әлеуетіне де байланысты. Кейбір жылдар өзімізде көп өндіріліп жатады. Мұндай кезде Қазақстан экспортының көлемі азаяды дегендей.
Биыл Қазақстаннан қанша астық алатынымыз да осы ішкі өндіріске байланысты. Ол көктемге қарай белгілі болады. Менің болжамым бойынша былтырғы мөлшер төмендемейді деп ойлаймын. Осы көлем сақталып, тіпті жоғарылауы мүмкін, - деді дипломат.
Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, Иран бағытына экспортталған астық көлемі бір жылда екі есе артқан. Жалпы, былтыр Қазақстаннан 8,1 млн тонна тонна астық шығарылған.
Оның ішінде:
— Өзбекстанға — 3,3 млн тонна, бұл 2023 жылғы деңгейден 5%-ға төмен (3,45 млн тонна);
— Тәжікстанға — 1,2 млн тонна, (1 млн тонна);
— Қырғызстанға — 140 мың тонна, (73 мың тонна);
— Қытайға — 1,7 млн тонна, (1,9 млн тонна);
— Ауғанстанға — 289 мың тонна, 2023 жылдан (449 мың тонна);
— Иранға — 526 мың тонна, (245 мың тонна) астық жөнелткен.