Иранның оңтүстігінде автобус апатынан 20-дан астам адам зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM — Иранның оңтүстігінде автобус Садр қаласына кіре берісте жолдан шығып кетіп, 22 адам зардап шекті, деп хабарлайды Report.

жол апаты
Фото: Report

— Оқиға бүгін таңертең орын алып, оқиға орнына бес жедел жәрдем көлігі бар бригада жөнелтіліп, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді, - деп хабарлады IRNA.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алғандардың 19-ы жетілдірілген медициналық көмек алу үшін Шахид Раджаи ауруханасына, ал қалған үшеуі Шираздағы Шахид Чамран ауруханасына жеткізілді.

Бұл оқиғаның себептерін құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, Ираннан шығарылған 70-тен астам ауғанстандық босқын жол апатынан қаза тапқаны жайлы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар