Иранның оңтүстік-батысында 5 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА.KAZINFORM - Иранның оңтүстік-батысында 5 балдық жер сілкінісі болды. Қызыл Жарты ай құтқару топтары ықтимал залалды бағалау үшін аймаққа жіберілді, деп хабарлайды Anadolu.
Иранның Ұлттық сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Дезфуль округі, Сардашт ауданының орталығы Саланд қаласының маңында болған.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 5:55-те тіркелді. Оларды Хузестан провинциясының астанасы Ахваз қаласының, сондай-ақ Эндимешк және Дезфуль қалаларының тұрғындары да сезді.
Жер сілкінісінің эпицентрі 8 шақырым тереңдікте орналасқан.
Әзірге қирау мен құрбандар туралы ақпарат жоқ.
Ықтимал залалды бағалау үшін жер сілкінісі аймағына Қызыл Жарты Ай құтқару тобы жіберілді.
Айта кетейік, Түркияның Малатия провинциясында 5 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.