18:17, 05 Шілде 2009 | GMT +5
Иранның өкімет орындары 20 есірткі сатушыны дарға асты
МӘСКЕУ. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат - Иранда кеше 20 есірткі сатушы дарға асылды. Үкім ел астанасы - Теграннан батысқа қарай 30 шақырым жердегі түрмелердің бірінде іске асырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Өлтірілгендердің бәрі әртүрлі есірткі заттарын сатып алу, сату немесе тасымалдау баптары бойынша сотталды. Олардан жалпы мөлшері 700 килә кокаин мен апиын тәркіленді.
Иранда кісі өлтіру, зорлық жасау, қарулы тонау, адамдарды ұрлау мен есірткі саудасы қылмыстары үшін өлім жазасы кесіледі. Биылғы жылдың өзінде 120-дан астам адам өлім жазасына ұшырады.