Ірі көлемде шетелдік ақшаны жасырын алып өтпек болған азамат қолға түсті

ОРАЛ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Шаған» кеден бекетінде «ГАЗель» автокөлігін кедендік тексеру барысында Қазақстан азаматы Николай Шабельниковтен кедендік рәсімделген 1200 АҚШ доллары, 47950 РФ рублі, 129200 теңгеден тыс жасырылған 18 мың АҚШ доллары көлемінде шетелдік валюта анықталып алынды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап. Ірі көлемдегі ақшаның денін әлгі азамат киіміне тігіп алған болып шықты. Қазір ҚР ҚК 209-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар