Ірі уран өндірушілердің бірі саналатын Қазақстан оны Жапония АЭС-теріне жеткізуші бола алар еді - Н.Назарбаев

ГААГА. ҚазАқпарат - Ірі уран өндірушілердің бірі саналатын Қазақстан оны Жапония Атом электр стансаларына жеткізуші бола алар еді. Бұл туралы Гаагада Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесуі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Мен Жапонияда екі рет сапармен бардым. Біз Сіздің Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайту идеяңызға қолдау білдіреміз. Жапония әлемдегі ірі экономикалардың бірі, Азиядағы біздің көршіміз. Соңғы уақытта біздің қарым-қатынасымыз жандана түсті, бұл тұрғыдан алып қарағанда, біз барлық бағыттар бойынша ынтымақтастыққа дайынбыз, біздің өзара іс-қимылдарымыздың негізгі пункті - энергетика, әсіресе ядролық энергетика», - деді Елбасы.

Қазақстан Президенті біздің еліміздің серіктестікті дамытуға зор мүдделік танытатынын атап өтті. Сонымен бірге Н.Назарбаев Ақмола облысында сирек кездесетін металдар өндірісі бойынша бірлескен зауыт жұмыс істейтіндігін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында екі ел арасындағы технологиялық әрі инновациялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіншілігіне де баса назар аударды.

Өз кезегінде С.Абэ өткен жылы Санкт-Петербордағы Саммит G-20 аясындағы кездесуден кейінгі екіжақты жүздесуге қанағаттанушылық танытты.

«Сіздің 2008 жылғы Жапонияға сапарыңыз бүгінде стратегиялық деңгейге көтерілген экономикалық қарым-қатынастарды нығайту үшін жақсы себеп болды. Қазақстанның Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруда маңызды жәрдем көрсеткені үшін құрмет пен ризашылығымды білдіргім келеді. Сонымен қатар біз Сіздің еліңіздің Жапония мен Орталық Азия өңірі елдері арасындағы сұхбатты қалыптастыруда жәрдем беретіндігіне үміт артамыз», - деді С.Абэ.

Сонымен қатар кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қозғалды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэ өзара іс-қимылдарды, оның ішінде екі елдің бірқатар компаниялары арасындағы байланыстарды одан ары жандандыру үшін мүмкіншілік бар екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар