Ірі жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам көз жұмды, төрт адам жарақаттанды

АСТАНА. Шілденің  11-і.  ҚазАқпарат    - Қарағанды  облысында   Алматы-Екатеринбор  тас  жолының   769-шы шақырымында  болған  ірі  жол-көлік  апатының салдарынан  екі адам қаза болып, 
None
None

тағы төрт  адам түрлі жарақатпен  ауруханаға түсті.  ҚазАқпарат бұл туралы Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап  хабарлайды.

«ВАЗ-2106»  көлігі  мен  «Ниссан» көлігі     кеше, жұма күні  күндіз соқтығысып     қалды. Оқиға салдарынан  «ВАЗ»   көлігінің 51 жастағы жүргізушісі мен   екінші көліктің    26 жастағы жолаушысы  оқиға орнында  көз жұмды, ал    қалғандары - төрт  адам -   түрлі   жарақатпен  ауруханаға   жеткізілді. Зардап шеккендердің  арасында 4 жасар     бала бар.

Соңғы жаңалықтар