Ирина Бакалдина семсерлесуден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Ирина Бакалдина семсерлесуден Азия чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясы.

Ирина Бакалдина
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Құрлықтық біріншіліктің ақтық сынында жерлесіміз Гонконг өкілі Кейлин Сэні 15:12 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, бұл жүлде Қазақстан әйелдер арасындағы жекелей сапы сайысы тарихындағы алғашқы алтын медаль болды.

Бұған дейін қазақстандық сапы шеберлері Азия чемпионатында жекелей сында жүлде жеңіп алмаған еді.

Қазақстандық боксшылар Қытайдың Гуйян қаласында өткен әлем кубогында 5 алтын алды.