12:43, 07 Ақпан 2011 | GMT +5
Ирландия ЕО-дан экономикалық көмектің 3,6 млрд. еуро көлемінде алғашқы траншын алды
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Ирландия Еуроодақ елдерінен экономикалық көмектің 3,6 млрд. еуро көлемінде алғашқы траншын алды.
Бұл қаражат Еуропалық қаржы тұрақтылығы қорынан (EFSF) Дублинге аударылды, деп хабарлайды Reuters агенттігі EFSF дерек көздеріне сілтеме жасап.
Алғашқы транштың сомасы бастапқыда жоспарланған 3,3 млрд. еуродан асып түсті. 2010 жылдың соңында ЕО мен Халықаралық валюталық қоры (ХВХ) Ирландияға 85 млрд. еуро көлемінде төтенше несие пакетін беруге келісім бергенін еске салып өтеміз. Бұл бағдарламадағы EFSF үлесі 17,7 млрд. еуроны құрайды. Өткен айда Еуропалық қаржы тұрақтылығы қоры 5 млрд. еуро көлемінде қаржы тартып, бес жылдық облигациялардың алғашқы бөлігін шығара бастады. Бұл ақшаның бір бөлігі Дублинге қаржылық көмек көрсетуге кетті.