Ирландияның деревнясындағы жалғыз банкомат ұрланды
АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Белгісіз тонаушылар Ирландияның Кроссмаглен деревнясындағы полиция учаскесінен бірнеше метр жерде орналасқан банкоматты ұрлап кетті. Қолды болған банкомат осы деревнядағы жалғыз банкомат болатын,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Қылмыскерлер экскаваторды айдап әкеліп, оның көмегімен банкоматты қабырғадан жұлып алған. Одан кейін олар полицейлердің бірден іздеріне түспеуі үшін жолды ауыл шаруашылығы техникасымен бітеп тастайды және бой тасалап үлгереді.
Полиция өкілдері қылмыстың өте жақсы ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта Солтүстік Ирландияда банкоматтарды ұрлаумен айналысатын қарақшылар әрекет етеді. Олар 2009 жылдың наурызынан бері 23 тонау әрекеті жасаған.