Исекешев Астана бюджетіне қатысты «сүйінші» сұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев фэйсбук әлеуметтік желісі арқылы қала тұрғындарынан «сүйінші» сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алғаш рет Астана қаласының мемлекеттік бюджеті триллион теңгеден асты»,-деп жазды Исекешев өзінің жеке парақшасына.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр желтоқсан айында қала мәслихаты Астананың 2016-2018 жылдарға арналған бюджетін бекіткен болатын. 2016 жылға арналған бюджет 314 млрд 745 млн теңге көлемінде бекітілген еді.