Исекешев ТҮКШ-ны цифрландыру жобасы туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын (ТҮКШ) цифрландыру жобасы мақұлданған жағдайда қандай аспектілердің назарға алынатыны туралы айтты.

Әкімнің айтуынша, «Астана - ақылды қала» жобасының аясында «ТҮКШ-ті цифрландыру» жобасы жасалады. Қала басшысы тұрғындарды аталған жобаға белсене атсалысуға шақырды.

«Бұл көлемді екіжақты жұмыс, бізге астаналық әр тұрғынға сапалы қызмет көрсетіліп, коммуналдық шаруашылықтардың жұмыс механизмі мен оларға жасалатын төлем жұмыстары түсінікті болғаны маңызды. Сондықтан бұл мәселе бірқатар қоғамдық талқылаулар мен әкімдік сайтында жалпының назарында болады»,-деді Ә.Исекешев.

Ә.Исекешов жуықта ғана Астанада «ақылды үй» технологиясы мен лифт жұмының мониторинг жүйесін енгізу бойынша қоғамдық тыңдау өтетінін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram