Ішімдікке салынған азаматтардың пәтерін сатқан қылмыстық топ ұсталды - Қаржы полициясы
АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Солтүстік Қазақстан облысында жылжымайтын мүлік нарығында алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.
Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс материалдары бойынша топ мүшелері Қазақстан Республикасынан шетелге кеткен азаматтардың пәтерлерін анықтап, оған жалған құжат жасау арқылы заңды иелері атынан үйлерді сатқан. Тергеу барысында осы қылмыстық топтың ішімдікке салынып кеткен азаматтардың да пәтерін заңсыз иемденгендері анықталды.
«Бүгінгі таңда ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Ю.Абдулманафов 12,5 жылға бас бостандығынан айырылса, топтың 7 мүшесіне 2,5 - 8,5 жылға дейінгі аралықтағы түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру туралы сот шешімі шығарылды», - дейді М.Жұманбай.