Ішкі әскердің қоғамдық тәртіпті сақтаудағы еңбегі елеулі

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - 2008 жылы ҚР ІІМ Ішкі әскер комитетінің сарбаздары 142 мыңға жуық құқық бұзушыны құрықтап, 229 бірлік суық қару-жарақ тәркіледі.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанада Ішкі әскер комитеті жұмысының жылдық қорытындысын шығару барысында Ішкі әскер қолбасшысы Руслан Жақсылықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ішкі әскер республиканың 17 қаласында құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Әскери құрам 2008 жылы 226 қоғамдық ? мәдени іс-шаралардың қауіпсіздігін қадағалауға атсалысты. Соның ішінде Олимпиада алауын тапсыру рәсімі мен Астананың он жылдығында қоғамдық тәртіптілікті сақтауға қатысты», деді ол.Ішкі әскер қызметкерлері өткен жылы құпия ақпараттардың ұрлануына жол бермеді. Үлбі металлургия зауыттарының бірінде жұмыскердің киімі астына жасырылған құжаттар табылады. Кейін бұл құжаттар мемлекеттік құпия санатындағы бериллий өндірісінің гидрометаллургиялық бөлінісі технологиясы екені анықталған. Ішкі әскер қызметкерлерінің күшімен 3 кісі өлтіру қылмысы ашылды. Оқиға орнында 49 ұры ұсталып, тонаудың 41 фактісі әшкереленген. Сондай-ақ әскер сарбаздары 48 түзеу мекемесін күзетеді. Жыл ішінде олардың қырағылығымен түрмеден қашудың 2 оқиғасының алды алынды.
Соңғы жаңалықтар