Ішкі әскерлер Батыс құрамасының ақпарат-насихат тобы Батыс Қазақстан облысында болды

  ОРАЛ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР ішкі әскерлері Батыс құрамасының ақпарат-насихат тобы мен әскери оркестрі «Ішкі әскерлер нағыз ер адамдар үшін» шарасы аясында Орал мен Ақсай қалаларында, Бөрлі және Зеленов аудандарының елді мекендерінде болды.

Ішкі әскерлер Батыс құрамасының ақпарат-насихат тобы Батыс Қазақстан облысында болды

Батыс құраманың баспасөз қызметінің бастығы, майор Ерболат Сұлтановтың хабарлағанындай, шара мақсаты - Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру, ішкі әскерлердің беделін көтеру, азаматтардың оларға деген оң көзқарасын қалыптастыру. Аталмыш топ жетекшісі - Батыс құрама командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Қанат Беляков.

Шара аясында түрлі құрылымдар өкілдерімен, оқу орындары шәкірттерімен, әскерге шақырылатын жастағы жастар, тұрғындармен кездесулер өткізіліп, ішкі әскер жауынгерлеріне қойылатын талап-міндеттер, бөлімдердің тыныс-тіршілігі жөнінде айтылды. Тұрғындарға арнап әскери оркестр концерт қойып, ішкі әскерлер туралы деректі фильм көрсетілді.