Ішкі істер қызметкері пара алу үстінде ұсталды
ОРАЛ. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР ҰҚК департаменті Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Н.К-ны пара алу үстінде қолға түсірді.
Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталмыш қызметкер қызмет бабын пайдалана отырып, сот-биологиялық сараптама бойынша оң қорытынды алып беру үшін Д. Т. деген азаматтан 400 АҚШ долларын алған.
БҚО ІІД тергеу бөлімі осы фактіге байланысты ҚР ҚК 177-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғады.