Ішкі істер министрі Алматыдағы жол-көлік оқиғасы бойынша арнайы тексеру жүргізуді тапсырды - апталық брифинг

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ішкі істер министрі Серік Баймағамбетов министрлік қызметкерлеріне жол полициясы қызметкерлерінің Алматыда орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстарының заңдылығын тексеруді тапсырды,

 Ішкі істер министрі Алматыдағы жол-көлік оқиғасы бойынша арнайы тексеру жүргізуді тапсырды - апталық брифинг

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғасы қазанның 19-ы күні Алматы қаласының Желтоқсан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орын алған. Онда «А 010 FC» нөмірлі «Порше Коен» көлігі «Тойота Камри» автокөлігімен соқтығысып, оқиға орнында 2 адам және ауруханада бір адам көз жұмған.   

«Ішкі істер министрі алматылық тәртіп сақшыларының әрекеттерінің заңдылығын тексеруді Өзіндік қауіпсіздік қызметінің өкілдеріне де тапсырды. Бұл іс министрдің жеке бақылауында», деді департамент бастығы.