Ішкі істер министрі облыстық департамент басшыларына өздерінің ресми сайттарынан арнайы бет ашуды тапсырды

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ішкі істер министрі ведомствоның өткен жылдың жұмыс қорытындысына байланысты өткен алқа мәжілісінен соң тәртіп сақшылары жүктелген басты міндеттерден бөлек әрбір облыстық Ішкі істер департаментінің бастықтарына айналасы 1 айдың ішінде департаменттің ресми сайтынан арнайы бет ашуды тапсырды.
None
None
Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Б.Қожахметовтың айтуынша, аталмыш тапсырманы бере отырып, министр сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты нышандарының бірі - ашықтық, жариялылық екендігін атап өткен. Ал интернет сайтының арнайы беті жұртшылықпен байланысты нығайтып, полиция қызметінің жұмысы туралы толық әрі, айқын ақпараттарды алудың тиімді құралы болмақ.
Соңғы жаңалықтар