Ішкі істер министрлігінің сайтында ведомствоның оқу орындарына іріктеу және қабылдау мәселелері талқыланады

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігінің сайтында (www.iim.kz және www.mvd.kz) ақпанның 26-сы күні сағат 17.00 мен 18.00 аралығында Ішкі-істер вице-министрі Қалмұхамбет Қасымов 2009/2010 оқу жылына ведомствоның оқу орындарына іріктеу және қабылдау жүргізу мәселелеріне қатысты жұртшылықтың сауалдарына жауап береді,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа министрліктің баспасөз қызметінен. Министрлік ішкі істер органдарын кадрлық қамтамасыз ету мәселесін, оқу орындарына іріктеу мен қабылдаудың ретін талқылауға атсалысуға шақырады. Сауалдар сайттың «Конференция» тарауындағы «Талапкер» («Абитуриент») айдарында қабылданады.
Соңғы жаңалықтар