Ішкі істер органының лауазымды қызметкері жұмысындағы кемшілігін көрсетпеу үшін 5 мың доллар пара ұсынған ? апталық брифинг

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Оңтүстік Қазақстан облысында Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді көрсетпеу мақсатында Қаржылық бақылау агенттігінің бас инспекторына 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара бермек болған жерінде ұсталды.
None
None
Аталмыш іс бойынша қазір тергеу амалдары жалғасуда. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, парақорлық - жемқорлық әрекеттерінің арасындағы ең көп тараған түрі. Осыған орай елімізде пара алғандармен қатар пара берушілер де қатаң жауапқа тартылады. Ресми өкіл келтірген пара беруге қатысты әрекеттердің бірі Атырау облысында болған. Онда жалған дипломды пайдаланған Мақат аудандық спорт және дене тәрбиесі бөлімінің бас маманы Ж.Елубаева қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін қаржы полициясы инспекторына 200 мың теңге пара ұсынған.
Соңғы жаңалықтар