Ішкі нарықта отандық өндірісшілер әлі танымал бола алмай отыр - Салтанат Көбегенова

АЛМАТЫ. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Біз шикізаттық емес салада шет елге өз өнімімізді экспорттап жатқан компаниялардың біріміз",- деді «Абзал және компания» серіктестігінің сауда менеджері Салтанат Көбегенова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
None
None

1994 жылы Қызылорда қаласында құрылған бұл компания бүгінгі таңда еліміздің ең ірі күріш өндірушілерінің бірі болып табылады. Компанияның негізгі қызмет бағыттары - шала күрішті өңдеу, мемлекет ішінде және шет елдерге көтерме және бөлшек саудада күріш жармасын сату. Бұл мақсатта жыл сайын Қызылорда облысының Сырдария ауданында орналасқан «Мағжан және К» және «Бесарық» ЖШС-терінде 5000 гектар жерге қара күріш өсіреді.

«Жиналған өнім әрқайсының қуаты сағатына 5 тоннаны құрайтын 2 зауытта өңделеді. Оның біреуі Оңтүстік Кореяда, екіншісі Қытайда шығарылған. Олар 2005 және 2010 жылдары іске қосылды. Күріш жармасы Қазақстан мен Ресей стандартына сәйкес өнделеді. ISO 9001-2009 сәйкестік сертификатымыз да бар. Былтыр мемлекетаралық «Kazakhstan International Halal Expo 2010», «KazFOOD 2010», «Ыдыс-аяқ салоны және үстелді безендіру» көрмесінде Компания халал күріш тағамы үшін «Алтын белгі» иегері атанды», - дейді Салтанат Көбегенова. Оның айтуынша, компанияның «Элита» брендімен шыққан күріш жармасы 1; 2,5; 5; 10 және 25 килә қаптамалармен Қазақстан ғана емес, Әзірбайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Моңғолияға экспортталуда. Енді Еуропа нарығына шығуды да жоспарлап отыр. Қазір олар өз өнімдерінің 30 пайызын ғана шет елге шығаруда.

«Жалпы сапалы өнімнің бағасы өзіне сай болады. Арзаның сорпасы татымас демекші, көп жағдайда тұтынушылар жарнамадан көріп жүргендерін ғана алады. Сондықтан жәрмеңкелерге барған кезде «сіздердің өнімдеріңіз супермаркеттерде неге жоқ» деп бәрі таң қалады. Біздің өнімдерімізді Алматы, Қарағанды, Шымкент, Орал қалалары тұрақты алып тұрады», - дейді С.Көбегенова. 2009 жылы бұл компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымы бойынша қола жүлдегер атанған еді. Олар 2005 жылдан бері Нағи Ильясов атындағы ауылдың инфрақұрылымын дамытуға 115 миллион тенге көлемінде қаржы бөлген көрінеді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум