Ішкі тұрақтылық болмаса мемлекет те болмайды - Э. Мақсатқызы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Қазақстан халқы Ақтөбе қаласында болған лаңкестік әрекеттердің құрбандарының рухына тағзым етіп, аза тұтып жатыр. Қазір жер-жерлерде отандастарымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы лаңкестік әрекетке қатысты жасаған мәлімдемесіне қолдау көрсетіп, үн қосуда. Солардың бірі - Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкері Эльмира Мақсатқызы Елбасы айтқандай «тәуелсіздіктің тірегі болған құндылықтарды» көздің қарашығындай сақтау керектігін айтты.

«Кез келген мемлекет үшін азаматтардың қауіпсіздігі мен ішкі тұрақтылығы болмаса, онда ол жоғалады, мемлекет те болмайды. Елбасымыз айтқандай елдің ішкі тыныштығы мен біртұтастығы болмаса онда мемлекеттігімізден, елдігімізден айырыламыз. Біз соңғы жылдары кезінде қарқынды дамыған елдердің ішкі тұрақтылығының жоқтығынан елдігінен айырылып жатқандығының куәсі болып жүрміз. Сондықтан, біз ішкі тұрақтылықты, ұлтаралық татулықты көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Өйткені, олар бақытты болашағымыздың кепілі», - деді Э. Мақсатқызы.

Соңғы жаңалықтар