Ішкі тұрақтылық пен сауатты сыртқы саясат болмаса мемлекет болашағы да бұлыңғыр - Елбасы

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ішкі тұрақтылық пен сауатты сыртқы саясат болмаса мемлекет болашағы да бұлыңғыр. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жария еткен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Ішкі тұрақтылық пен сауатты сыртқы саясат болмаса мемлекет болашағы да бұлыңғыр - Елбасы

«Мемлекеттік тілді жоспарлы түрде дамыту орыс тіліне залалы тимейтіндей жүзеге асуы тиіс. Біздің мемлекетіміздің болашағы мен келешек даму үшін ішкі тыныштық аса маңызды. Сонымен қатар, мемлекеттің ең негізгі сыртқы саясаты көршілермен татулыққа негізделуі шарт. Осы екеуі болмаса, мемлекет болашағы да бұлыңғыр болады. Сондықтан да, тек қана тіл мәселесін «ерттеп мініп» жалаң сөзбен елді үркіту біздің мақсатымыз емес. Барлығы да өз орнымен жүріп жатыр», - деді Президент. Сонымен қатар, Елбасы 2020 жылға дейін қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білетіндігі туралы нақты міндеттер жүктелгенін еске сала келе, бұл бағытта негізгі жұмыстар атқарылып жатқанын да мәлімдеді.