«Іскер байланыстар» жобасының тыңдаушыларына сертификаттар тапсырылды

ТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат. Бүгін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Іскер байланыстар» жобасының тыңдаушыларына сертификаттар тапсырылды, деп хабарлайды Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

«Іскер байланыстар» жобасының тыңдаушыларына сертификаттар тапсырылды

13 маусым мен 22 шілде аралығында өткен бірінші кезең ішінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басшылары бизнесті жүргізудің заманауи әдістерін, маркетингті оқыту, бизнес-әріптестермен іскер байланыстар орнату мен басқа да пәндерге бағытталған бизнес-тренингтерге қатысты. Оқуларды «Тұран-Профи» халықаралық кәсіби академиясы Астана және Алматы қалаларында іштей және дистанциядан (сырттай) жүргізді.

Оқулар кезінде жобаға қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың жетекшілігімен өз кәсіпорындарын дамытудың бизнес-жоспарларын әзірледі.

Бизнес-тренинг аяқталғанда жобаның қатысушылары алған консультациялары бойынша өздігімен бизнес-жоспарларды одан әрі жетілдіріп, жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсқа қатыса алады.

Екінші кезеңде жобаға қатысушылар үшін Германия мен АҚШ-та темалық бизнес-тағылымдамадан өту көзделген. Екінші кезең 15 тамыздан басталады.

Сонымен қатар, шілденің 25-26 күндері Германияда тағылымдамадан өтетін қатысушыларды іріктеу жүргізіледі. Біріккен комиссияның құрамында ЭДСМ, GIZ халықаралық ынтымақтастық бойынша герман қоғамы, Жергілікті атқарушы органдардың, неміс оқу орталықтарының, «Даму» ТДҚ» АҚ, «Тұран-Профи» академиясының өкілдері бар.