Ислам Бозбаев дзюдодан халықаралық Гран При жарысының қола жүлдесін жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ дзюдошысы Ислам Бозбаев Самсун қаласында (Түркия) өткен Гран При жарысының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды «Дзюдо федерациясы» РҚБ баспасөз қызметі.
None
None

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресетін спортшы жеребе тарту нәтижесі бойынша бірден екінші айналымға шықты.

Алғашқы кездесуінде ол Ирак балуаны Алькурайши Шихабты ұтты, екінші белдесуінде нидерландтық Елмонт Гюлаумнен басым түсті. Жартылай финалға жолдама алу үшін ол Сербия спортшысы Александр Куколжден жеңіліп, жұбаныш белдесуінде словакиялық Рандл Миланды жеңді.

Үшінші орынға күрес кезінде Ислам Бозбаев израйльдық Кохман Лиден басым түсіп, турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар