Ислам Каримов Р.Отынбаеваны өтпелі кезеңде Қырғызстан президентінің өкілеттігіне ие болуымен құттықтады.

ТАШКЕНТ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан басшысы Ислам Каримов Р.Отынбаеваны өтпелі кезеңде Қырғызстан президентінің өкілеттігіне ие болуымен құттықтады.

 Ислам Каримов Р.Отынбаеваны өтпелі кезеңде Қырғызстан президентінің өкілеттігіне ие болуымен құттықтады.

«Құрметті Роза Исаакқызы! Ағымдағы жылы маусымның 27-сі күні өткізілген референдумның қорытындысы бойынша Қырғызстан Республикасының өтпелі кезеңіндегі Президент өкілеттілігіне ие болуыңызға байланысты Сізді шын жүректен құттықтаймын, сондай-ақ бауырлас Қырғыз халқына жақсылық және бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық тілеймін», - делінген И.Каримовтың құттықтау сөзінде.

«Қырғыз халқының ақылы пен парасат-пайымы бүгінгі таңда басына түсіп отырған барлық сынды жеңу үшін күш беретіндігіне сенімді екендігімді тағы бір мәрте жеткізгім келеді», - дейді Өзбекстан Президенті.