«Ислам мемлекеті» Дағыстандағы жарылысты өз мойынына алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы Дағыстандағы Сиртыч кентіндегі бақылау-өткізу бекетінде болған жарылысты өз мойынына алды. Бұдан бұрын «ИМ» содырлары Дағыстанда ІІД-нің екі көлігін жарғанын мәлімдеген, деп хабарлады РБК.

Дағыстанның Табасаран ауданы Сиртыч кентіндегі полиция постында орын алған жарылыс салдарынан бір полицей қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды. ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС полиция қызметкерлері көлікті тоқтатуға тырысқанын, алайда ол полиция талабына бағынбай, сәл әрірек өтіп, жарылғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар