«Ислам мемлекетінің» содырлары жапондық тұтқындарды босату үшін 200 млн. доллар талап етуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекетінің» содырлары жапондық екі тұтқынды өлтіріп тастаймыз деп қорқытып отыр. Бұл туралы топтың жария етілген бейнежазбасында айтылған.
None
None

Бейнероликте жапон үкіметінің «Ислам мемлекетімен» соғысып жүрген елдерге көмек көрсетуге уәде бергені үшін мін тағып отырған содыр көрсетілген. Ол егер Токио аталған топқа 200 миллион доллар көлемінде ақша төлемесе, қолдарындағы екі тұтқынды ажал құштыратындарын айтып қорқытты. Аталған бейнежазбаның шынайылығына көз жеткізу әзірге мүмкін болмай отыр. Ал Жапонияның Сыртқы істер министрлігі Рейтер агенттігіне қазіргі кезде бейнежазбаның қаншалықты шынайы екені анықталып жатқанын хабарлады.

Ведомство өкілі сонымен қатар тұтқындарды босату үшін биліктің қолдан келетіннің бәрін жасап отырғанын айтты, бірақ тұтқындарды ақша төлеп босату талабы туралы еш түсініктеме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар