Ислам Сәтпаев Азия чемпионатында нысана көздеуден алтын жүлде алды

АСТАНА. KAZINFORM — Нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтпаев Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Ислам Сатпаев
Фото: Оlympic.kz

Спортшы 10 метрге пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында алтын медаль иеленді. Финалда ол 250,1 ұпай жинады. 

Екінші орынға 249,8 ұпаймен қытайлық Лу Динкэ жайғасты.

Оңтүстіккореялық Пак Хаджун 228,7 ұпай жинап, қола медальға ие болды.

Айта кетейік, Ислам Сәтпаев 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болған.

Бұған дейін Президент еліміз спорттың нысана көздеу түрлерін дамытуға бұрыннан ерекше мән беріп келе жатқанын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар