20:26, 13 Қараша 2025 | GMT +5
Исламиада-2025: Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Өзбекстанды жеңді
АСТАНА. KAZINFORM – Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.
Ұлттық олимпиадалық комитеттіңм мәліметінше, отандастарымыз Өзбекстан құрамасымен кездесіп, 36:28 есебімен қарсыласынан басым түсті.
Келесі матчта Қазақстан командасы Әзербайжан құрамасымен кім мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, қазақстандықтар В тобында өнер көрсетіп жатыр.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы жүзуден Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанғанын хабарлағанбыз.