Исландия президентінің сайлауында партиядан тыс кандидат жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірде-бір саяси партиялармен байланысы жоқ тарихшы Инсландияда президенттік сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді.
None
None

Бюллетеннің жартысынан астамын есептегеннен кейін Гудни Йоханнессон қарсыласынан 7,5 пайызға озып тұрғаны анықталды. 

Исландия президенті салтанатты өкілеттікке ие. Алайда сайлау алды науқанында Йоханнессон елдің саяси жүйеге сенімділігін қайтаруға уәде берді.

Исландия құрамасының футбол бойынша Еуропа чемпионатындағы күтпеген жеңісі  сайлаудан бар назарды өзіне аудартты. Йоханнессон лауазымға кіріскеннен кейін     Францияда дүйсенбіде өтетін исландиялық футболшылардың Англияға қарсы матчына жанкүйер болуға дереу ұшатынын мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар