Исландияда отты көл пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Исландиядағы Бардарбунг жанартауынан шашырап, төгілген магмадан 85 шаршы метр отты көл пайда болды. Өткен жылғы тамызда басталған Жанартау әлі күнге дейін атқылауда.
None
None

Жергілікті билік хабарлағандай, жанартаудың белсенділігі әлі де бәсеңдемеген, ол жерде күн сайын жерасты дүмпулері орын алып тұрады, деп хабарлады Euronews.

Сыртқа төгілген лава ағыны Исландияда соңғы 200 жылда қайталанбаған ірі мөлшерді құрайтыны атап өтілуде.

Соңғы жаңалықтар