21:37, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Исландияда жанкүйер 2016-Еурода Ниццаға жету үшін Boeing ұшағын жалға алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футбол жанкүйері бүгін басқа да жанкүйерлермен бірге Ниццаға Англия-Исландия матчына бару үшін Boeing 737 ұшағын жалға алды.

Mirror басылымы хабарлағандай, Гретар Сигурдарсон лайнерге £ 140 000 төледі. Ұшақ бортына 180 жолаушы сыяды. Лайнер матч аяқталысымен кері қайтады.
Кей деректерге сәйкес, бүгін ойын кезінде стадионда Исландиядан 8 мыңға жуық жанкүйер болады.