Испандық Карлос Сайнц «Жібек жолы-2009» халықаралық раллиінің IV кезеңін жеңіске жетуде
деп хабарлады раллидің ресми сайтынан.
Испандық 580 шақырымдық учаскеде мәреге командалас әріптесі Марк Миллерден 20 секунд ерте келді. Олардан кейін Volkswagen командасының екі жүргізушісі - Насер Әл-Аттия (Сайнцтан 1 минут 53 секунд кеш) және Де Вильер (3 минут 12 секунд кеш) келді. Жалпы есеп бойынша тізімді бұрынғысынша катарлық Насер Әл-Аттия бастап келеді.
Естеріңізге сала кетейік, жеңіл және жүк көліктеріне арналған жалпы ұзындығы 4 500 шақырымдық маршрут Ресей, Қазақстан және Түрікменстан аумақтарымен өтеді.
Түрікменбасы қаласында өтетін раллидің қорытынды кезеңінің сөресіне Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың шақыруы бойынша Ресей мен Қазақстанның президенттері келеді. Әзірбайжан президенті де шақырылып отыр.
Мәрелік рәсім қыркүйектің 13-інде кешке Ашғабадта өтеді.