07:44, 02 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Испания Колумбияға қазынасын қайтарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания Колумбияға испандықтардың 16 ғасырдағы Оңтүстік Американы отарлауына дейінгі заманның мәдени мұрасының 700-ге жуық затын қайтарды.

Бұл жәдігерлерді контрабандалық жолмен колумбиялықтың бірі Испанияға өткізген, деп хабарлады BBC.
Он жыл бұрын испандық полиция бұл коллекцияны арнайы операция кезінде тәркілеген. Алайда Колумбия үкіметі соттың бұл жәдігерлерді репатриациялау туралы шешіміне ағымдағы жылдың маусымында ғана қол жеткізді.
Кей керамикалық мүсіндер, музыкалық аспаптар біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдыққа тиесілі.