Испания құрамасы әлем чемпионатындағы жеңісі үшін 15 млн доллар салық төлейді
АСТАНА. KAZINFORM – Испанияның футболдан ұлттық құрамасы биылғы әлем чемпионатындағы жеңісі үшін алған сыйақысынан шамамен 15 млн АҚШ доллары көлемінде салық төлейтін болды, деп хабарлайды Fox News.
Fox News мәліметінше, бұл жалпы сыйақы көлемінің шамамен 30 пайызын құрайды.
Телеарнаның хабарлауынша, әдетте FIFA турнирді қабылдайтын елдермен ұлттық футбол федерацияларын жүлде қаржысынан алынатын салықтан босату туралы алдын ала келіседі. Алайда бұл жолы мұндай тетік толық көлемде қолданылмаған.
АҚШ-тың салық органдары Испания құрамасының ойыншыларын біртұтас команда ретінде емес, АҚШ аумағында табыс тапқан жеке салық төлеушілер ретінде қарастырады. Сол себепті оларға берілген сыйақыға салық салынады.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтті.
Финалда Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионы атанды.