10:18, 04 Шілде 2010 | GMT +5
Испания Парагвай құрамасын қапы қалдырды
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының соңғы ширек финалында Испания Парагвай құрамасын қапы қалдырды, есеп 1:0.

Сонымен футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Испания құрамасы Аргентинаны 4:0 есебімен жеңген Германия командасымен шілденің 7-сі күні кездеседі.