Испанияда бір сиыр 8 адамды таптап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқыс оқиға Сантадерде орын алды. Қала басшылығы елдегі дәстүрлі жарқын мерекелердің бірі - тойлау кезінде орталық көшелермен жүздеген асыл тұқымды сиырлар көшемен жөңкіле жүретін мейрамды жаңғыртпақ болған.
None
None

Топ-топ сиырлар Кальво Сотело даңғылымен жүрген кезінде олардың бірі кенеттен көше қапталына қарай ұмтылған. Салдарынан сегіз ересек адам және бір бала оның тұяғының астында қалды. Бәрі де жарақаттанған.

Қала басшылығы қауіпсіздік шараларының жеткілікті болмағанын мойындады және болашақта қырағылықты күшейтуге уәде етті. Дегенмен бұл арада жұртшылықтың да бейқамдығын айта кеткен орынды. Кейбірі сиырлардың арасына кіріп кетіп суретке түспекке әрекетенген, ал екіншілері мүйіздерінен ұстап көруге тырысқан.

Соңғы жаңалықтар