Испанияда контрабандашылардан 3 тонна кокаин тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания полициясы контрабандашылардан елдің оңтүстік аймақтарына таратылуы тиіс 3 тоннаға жуық кокаин тәркіледі.
None
None

Есірткіні ұстау бойынша іс-қимылдар елдің солтүстік-батысындағы Галисия аймағында өткізілген. Соңғы рет осындай көлемдегі есірткі аймақта 1999 жылы ұсталған.

Іс-қимылдар барысында есірткі тасымалдаушылар да, сатып алушылар мен сатушылар да ұсталды. Тасымалдаушылардың Испания азаматтары екені анықталса, сатушылар - голландиялықтар, ал сатып алушылар - британдықтар болып шықты.

Би-би-си-дің ақпараттандыруынша, барлығы 12 адам ұсталған. Іс-қимылдардың мән-жайлары әзірге келтірілмей отыр. Атап өткенде, полиция есірткі саудалайтындардың ізіне қалай шыққаны туралы хабарлаудан бас тартты.

Соңғы жаңалықтар